Облыс орталығында заңсыз салынған тұрғын үйлер сүріле бастады
Бұған дейін Қарағанды қаласында рұқсат құжаттары жоқ көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын бастаған құрылыс салушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазған болатынбыз. Бүгінде құрылысы заңсыз басталған бір үйдің орны босатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іргесі құйылып қойған үйдің орнын босатқан компанияның бірі – «Sati LuxStroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған фирма қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде, атап айтқанда Мұқанов көшесі, 53 үй мекенжайы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын рұқсат құжатынсыз бастап кеткен болатын. Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, заңсыз құрылыс мониторинг барысында анықталған.
Бір қуантарлығы, құрылыс салушы тұрғындардың ақшасын пайдаланбаған, яғни үлестік құрылыс емес.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz
Сурет интернеттен алынды.