Облыс әкімі

Облыс әкімі Абай шахтасындағы төтенше жағдайға байланысты жиын өткізді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Абай» шахтасында кеңес өткізді. Жағдай туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз және басқа да жауапты тұлғалар баяндады.

Жедел штаб құрылды, оған компания мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Облыс және компания басшылығы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына барады.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша ТЖ министрі Юрий Ильиннің басшылығымен ТЖ мән-жайы мен себептерін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды.

Жетінші қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында апат болды. Оқиға кезінде шахтада 64 адам жұмыс істеді, оның сегізі кенжарда болды. Апат салдарынан екі адам зардап шегіп, алты кенші қаза тапты.

ТЖД жедел штабы құрылды, телефон (8-7212) 51-11-10, жедел желі – (8-7212) 51-72-23.

«Абай» шахтасында қаза тапқан қызметкерлердің тізімі:

Шмидт Виталий Владиславович, 1979 ж.т.;

Скитченко Николай Николаевич 02.08.1968 ж. т.;

Абдуллин Наиль Рамильевич, 1990 ж.т.;

Супрунов Алексей Алексеевич, 1987 ж. т.;

Краус Сергей Юрьевич, 1983 ж. т.;

Корниенко Сергей Анатольевич, 1971 ж.т.

«Абай» шахтасында зардап шеккен қызметкерлер:

Маралбаев Жеңіс Мерекеұлы, 1963 ж.т.;

Зейналов Элайдын Авез-оглы, 1960 ж.т.

Басқа материалдар

Back to top button