Жаңалықтар

Облыс экономикасын дамыту болжам мен бағдар

  Қарағанды облысының жалпы өңірлік өнімі 2016 жылда 0,7% өсімімен 2 трлн. 622 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Облыстың үлес салмағы республикалық көлемде 8,4%-ға дейін ұлғайды.

     Облыс экономикасының өсімі өткен жылы өнеркәсіп өнімін шығарудың 4,9%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді, оның ішінде өңдеуші – 7,2%-ға, ауыл шаруашылығы – 8,6%-ға, көлік саласында қызметтер – 3,8%-ға, енгізілген тұрғын үйдің көлемдері – 6,3%-ға қамтамасыз етілді.

    «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аяспанда 2016 жылға арналған Қазақстан Республикасының Премьер-Министірімен бекітілген облыс әкімі меморандумының түпкі нысаналы индикаторларын орындау мониторингі жүргізіледі. 2016 жылдағы әкімнің меморандумын орындауды алдын ала бағалау бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кең­сесі­мен ортадан жоғары бағаланады.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министірімен 2017 жылға арналған түпкі нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы облыс әкімінің меморандумы бекітілді.

Өңірді дамыту

Облыста Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда, оның басты мақсаты – экономикалық өсімнің орталығында халық пен капиталдың шоғырлануын ынталандыру, аумақтардың рационалдық ұйымдастырылуын қалыптастыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайларды жақсарту.

Осы бағдарлама аясында 2016 жылы шағын және моноқалалардағы инвестициялық жобаларды іске асыруға республикалық және облыстық бюджеттердің қаражаттары есебінен 12 жобаға 2,3 млрд. теңге жіберілді. Жезқазған кентіндегі және құлау аймақтарына түскен, іргелес елді мекендердің тұрғындарын көшірудің 2-ші кезеңін жүзеге асыру Сәтбаев қаласында аяқталуда. Олар үшін 15 бес қабатты тұрғын үйлер салынды және оларға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылды.

Балқаш қаласының Саяқ кентінде жылу желілерін жаңарту жүргізілді, Шахтинск қаласында күл үйіндісінің құрылысы аяқталуда. Қарқаралы және Приозерск шағын қалаларында тұрғын үйлерге жылу және инженерлік желілердің құрылысы, тазалау имараттарын қайта жаңарту бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Теміртау қаласындағы энергетикалық жабдықты шығару бойынша өндірісті кеңейту «Қазэнергомаш Корпорацмясы» ЖШС «зәкірлік» жобасы пайдалануға енгізілді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдауға бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 167 ауылда 177 жоба іске асырылды. Осы басымдықтың ерекшелігі – ауыл тұрғындарының жиналысының шешімімен қаражат ауыл халқының тіршілігін қамтамасыз етуді жақсартудың бірінші кезектегі проблемалық мәселелерін шешуге жіберу болып табылады.

2009 жылдан бастап Қарағанды облысында «Дипломмен ауылға!» жобасы жүзеге асырылуда.

Осы жобаның шеңберінде ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады. Бұл көтерме жәрдемақы және тұрғын үйді сатып алуға және салуға бюджеттік несиелер.

2009-2016 жылдарда жобасын іске асырудан бастап 2621 әлеуметтік сала мамандарына көтерме жәрдемақы берілді, оның ішінде: 1858 білім, 425 – денсаулық сақтау, 27 – әлеуметттік қамтамасыз ету, 146 – мәдениет, 58 – спорт, 107 – агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлеріне берілді.

Тұрғын үй сатып алуға 1214 маманға бюджеттік несиелер берілді: 821 – білім, 194 денсаулық сақтау, 22 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 74 – мәдениет, 36 – спорт, 67 – агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлеріне берілді.

Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау бойынша мониторинг жүргізіледі, оған 351,5 млрд.теңгеге 88 іс-шараны жүзеге асыру енгізілді. Кешенді жоспарды жүзеге асырудан бастап 30 тармақ орындалды, 61 млрд.теңгеден астам игерілді, оның ішінде 2016 жылы – 15,2 млрд.теңге.

2016 жылы шағын және моноқалаларды, тірек ауылдық елді мекендерді, ауылдық окургтердің , ауылдың және кенттердің орталықтардың дамытудың Кешендік жоспарлары қалалар мен аудандарды дамыту Бағдарламасына біріктірілген. Кешендік даму жоспарларының іс-шаралары қалалар мен аудандардың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына енгізілді.

Өткен жылы Қарағанды облысының әкімі мен Eurasian Resources Group S.a.r.l. және «Казцинк» ЖШС жүйеқұраушы кәсіпорындары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалған болатын.

МҮЛІКТІ

Жария ету

Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қарағанды облысы әкімінің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары жүзеге асырылуда, 151 іс-шара мен 2 бағыттан: «Жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру» және «Экономиканың өсімін ынтыландыру және несиелендіру жөіндегі дағдарысқа қарсы шаралары» тұрады. Дағдарысқа қарсы жоспарды іске асыруда қалалар мен аудандардың әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларымен жұмыстар жүргізілуде.

Дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде халықтың мүлкін жариялау жөніндегі іс-шаралар өткізілді.

Әкімдіктер жанындағы комиссиялармен мүлікті жария етуге 1314 өтініш қабылданды, оның ішінде 820 объект бойынша 12,9 млрд.теңге жарияланған мүлік сомасына 756 өтініші қанағаттандырылды. Жария етілген объектілердің жалпы саны 248,1 мың ш.метрді құрады, оның ішінде: тұрғын объектілер 18,4 мың шаршы метр, тұрғын емес объектілер 229,7 мың шаршы метр. Жария ету бойынша өткізілген науқан активтерді анықтауға мүмкіндік берді, олар бұдан әрі салықтар түсімі есебінен бюджетті толтыра отырып, облыстың экономикасына жұмыс жасайтын болады.

Нәтижесінде, жария етілген нысандар бойынша мүлікке салық сомасының күтілетін түсімі шамамен 60,3 млн.теңгені құрайды.

Құрылыс және

инфрақұрылым

«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 23 жоба іске асыруға 10,9 млрд.теңге сомасына қаражат берілді.

2016 жылы пайдалануға 8 жоба енгізілді. 2017 жылы тағы 15 жоба аяқталатын болады.

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында 320 орынға арналған балабақша және Кен-Дала ықшам ауданындағы 1200 орынға арналған мектеп, Сәтбаев қаласында – 600 оқушы орнына арналған мектеп салынды. Қарағанды қаласында 250 орынға арналған көруі бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың құрылысы жалғасуда.

Қазіргі уақытта Қарағанды қаласындағы 1000 метр жылумен жабдықтау желісін қайта жөндеу аяқталды. Саран қаласындағы Ақтас кентіндегі сумен жабдықтау жүйесін салу бойынша 3 жобаны іске асыру жалғасуда.

Приозерск қаласындағы және Абай ауданындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды, 9 жобаны іске асыру жалғасуда.

2017 жылы Қарағанды қаласындағы «Панель-Центр» ы.а несиелік тұрғын үйді салуды аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2016 жылы 2 білім беру объектілері аяқталды, – Абай ауданындағы Құрма селосындағы 320 орынға және Жаңаарқа ауданының Жұмажанов селосындағы 150 орынға арналған жалпы білім беру мектебі.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 27 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.

Облыстың даму

келешегі

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтарын орындау үшін 2016 жылы стратегиялық бағдарламалық құжаттар әзірленді, олар Қарағанды облысының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы үрдістер мен басымдықтардан, бес жылдық кезеңге жылдар бойынша бөлумен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерінен, үш жылға арналған бюджеттік параметрлер болжамынан тұрады және жергілікті бюджеттерді және қалалар мен аудандардың даму бағдарламсын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Жалпы өңірдің нақты өсімі 2017 жылы -1,8% деңгейінде, 2018 жылы – 2,1%, 2019 жылы – 2,8%, 2020 жылы – 3% және 2021 жылы – 3,4% болжанады.Өнеркәсіптің орта жылдық қарқынының өсімі 3,4%-ға болжанады, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіп – 2,1%, тау-кен – 3,8%, ауыл шаруашлығы – 1,9%, құрылыс саласы – 1,4%, көлік қызметі – 4,3%, сауда – 0,7% болжанады.

Нысаналы индикаторларға қол жеткізу мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде: 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының, «өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының жобаларын іске асыру есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Облыстың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру аяқталды. Облысты дамытудың негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім 5 жылда 20,6%-ға ұлғайды және 3 трлн. 107,1 млрд.теңгені құрады. Облыстың жалпы өңірлік өнімінің үлес салмағы республикалық көлемде 2015 жылы 7,6% құрады. Жалпы алғанда республикада 4 орында тұр.

2016 жылы жаңа бес жылдыққа арналған облыстың 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру басталды.

Онда облысты дамытудың 6 бағыты анықталды: экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, инженерлік инфрақұрылымды, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту.

Облыс экономикасының орта жылдық өсімі 2020 жылға 3% деңгейінде жоспарлануда.

Әлеуметтік

міндеттемелер

Өткен жылы облыстық бюджетке 247,3 млрд.теңгеге кірістер түсті. Қалалар мен аудандардың бюджеттеріне түсетін, барлық қосымша кірістер олардың өкімінде қалды, бұл өңірдің ынтасын экономикалық дамуын күшейтті.

Облыстың бюджеті 244,5 млрд.теңгеге атқарылды. 2016 жылға арналған облыстық бюджетте қарастырылған әлеуметтік міндет толық көлемде атқарылды, еңбекақы төлеу мен шәкіртақы төлемдері қамтамасыз етілді.

2017 жылға облыстық бюджет әлеуметтік және экономикалық саясатты іске асыруға негізгі бағыттарды көрсетеді:

– бюджетті құрастыратын бұдан әрі әлеуметтік жоғарылату бойынша қабылданған шаралармен барлық ағымдағы міндеттерді орындау;

– стратегиялық міндеттерді іске асыруға жағдай жасау үшін тұрақты экономикалық өсу арқылы аграрлық секторды дамыту, шағын және орта бизнесті, көлік, энергетика және тұрғын үй инфрақұрылымы;

– қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

2017 жылға арналған бекітлген облыстық бюджет 199,4 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік салаға 70,6 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде білім беруге – 23,9 млрд. теңге, денсаулық сақтау – 29,1 млрд. теңге, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік – 10,4 млрд. теңге, әлеуметтік қорғауға – 7,2 млрд. теңге.

Қоғамдық тәртіп, білім беру, тұрғын үй құрылысы және қайта жаңарту, Сәтбаев қаласындағы құлау аймақтарынан тұрғындарды көшіру үшін тұрғын үйлер салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, сумен жабдықтау, су бұру және көлік инфрақұрылымын дамыту салаларында 101 жобаны іске асыруға бюджетте 2017 жылға 36,4 млрд. теңге қарастырылған.

2017 жылға облыстық әкімдіктің резервінде жинақталатын қаражаттың ең жоғары көлемінің сомасы 900 млн. теңгені құрады.

2017 жыл – Қарағанды облысының Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасын іске асырудың бастамасы.

Бұл бағдарламаның мақсаты-халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды тарту кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл мақсатқа бюджеттен 3,4 млрд. теңге қарастырылды.

Кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бюджеттен 400 млн. теңге,жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін – 1,2 млрд. теңге, еңбек нарығын дамытуға – 300 млн. теңге, әлеуметтік сала объектілерінің жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 1,5 млрд. теңге, жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге 400 млн. теңге бағыттау жоспарланған.

2017 жылы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді есепке алып Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының бағыттарын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

2017 жылға басты мақсатымыз – облыс тұрғындарының өмір сүру сапасының төмендеуіне жол бермеу және барлық ағымдағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.

О.ЧЕРНЯВСКАЯ,

«Қарағанды облысының

экономика және қаржы

басқармасы» ММ басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button