Облыс экологтары рейдке шықты
Соңғы уақытта Қарағанды облысында автокөліктер саны артқан. Автокөліктен шыққан түтіннен мөлшерден тыс бөлінетін көміртегі тотығы, азот оксидтері, альдегидтер, көмірсутектер және т.б. заттар ауа ластануына әкеп соғады.
Экология департаментінің Қарағанды облысы бойынша зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімі жыл сайын мамыр-қазан айларында Қарағанды қаласының полициясымен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Осы тексерістер аясында автокөліктерден шығатын түтіннің қалыпты мөлшерін сақталуын қамтамасыз ету үшін шамадан тыс бөлінген зиянды газдар өлшенеді. Бекітілген стандарттардан асып кеткен жағдайда, көліктерді тексеру нәтижелері бойынша Қарағанды қаласының сақшылары көлік иелеріне қатысты әкімшілік шара қолданатын болады.
Экологтар екі күн ішінде ауаны түтінмен ластаған 10-нан астам автокөлікті анықтаған.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz