Облыс әкімі

Облыс бойынша балалар спортына млрд.астам теңге бөлінеді

Қарағанды облысында балалардың спорт мектептеріне тегін кіруіне миллиардтан астам теңге бөлінді. Жан басына қаржыландыру жобасы спорттың 17 түрі бойынша секцияларға бес мыңнан астам жас қарағандылықтарды тартуға мүмкіндік берді.

Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Дене шынықтыру мен спорттың қолжетімділігі жаңа спорт алаңдарын салу есебінен қамтамасыз етіледі. Биыл облыста 13 ірі спорт нысаны салынуда. Олардың төртеуі аяқталу сатысында. Олар: Ұлытау ауданының Қарсақпай ауылындағы ДСК, Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентіндегі бассейн, Нұра ауданының Нұра кентіндегі көпфункционалды спорт кешені және Қарағандыдағы Қ. Байшолақов атындағы спорт кешені.

Оқушы орындарының тапшылығы мәселесі де шешілуде. 2025 жылға қарай облыста 17 мектеп салынады. Олардың төртеуі биыл салынады.

166 ауылдық мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылға дейін тағы 299 оқу орнын жаңғырту жоспарда бар.

– Бүгінгі күні халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар қашықтықтан және дербес жұмыс форматында оқыту үшін компьютерлік техникамен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған, – деді өңір басшысы.

Облыста ерекше балаларды әлеуметтік қолдауға көп көңіл бөлінеді. Келесі жылы аутистік спектр бұзылысымен балаларға арналған оңалту орталығы ашылады.

Басқа материалдар

Back to top button