Облыс басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап беретін орталық ашылды
Қарағандыда мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығы іске қосылды. Бұл туралы аппараттық кеңесте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді.
Қызмет көрсету орталығында өңір тұрғындары түрлі мәселелер бойынша кеңес ала алады. Кесте бойынша онда облыс әкімі мен оның орынбасарлары, сондай-ақ басқармалар мен департаменттердің басшылары халықты толғандырған сұрақтары бойынша қабылдайтын болады. Орталық Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайында орналасқан.
– Біз тұрғындарға түрлі мәселелер бойынша кеңес беретін мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығын ашамыз. Осы алаңның негізінде біздің тұрғындармен өз диалог орталығымыз жұмыс істейтін болады. Халықпен барлық кездесулерді енді осында өткізетін боламыз, басқармалардың, аумақтық департаменттердің басшылары және менің орынбасарларым тұрғындармен тұрақты негізде кездесу өткізіп отырулары тиіс, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Кесте бойынша халықпен алғашқы кездесулерді Қарағанды облысының білім, кәсіпкерлік, энергетика және ТКШ, сондай-ақ өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының басшылары өткізеді. Кездесулер 13, 20 наурызда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін және 16.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz