Руханият

Объективтегі ел дидары

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстанды сүю» деп аталған фотокөрме өтті. Авторы – қоғам қайраткері, танымал қазақстандық жазушы, публицист және көркем әдебиетінің дәріптеушісі Жан Ақжанов. Фотокөрме республикалық ауқымда ұйымдастырылуда.

Сурет автордан

Мәдениетті және туризмді дамытуды мақсат тұтқан жоба Қарағанды облысынан бастау алып отыр. Облыс орталығынан кейін фотокөрме Нұра, Осакаров аудандарына және Теміртау мен Саран, Абай қалаларына барады.

Ұзақ сапарын кеншілер шаһарынан бастаған жоба авторы Қазақстан туризмінің дамуына өзіндік үлесін қосқысы келетінін жеткізді.

– Бұл жоба Қазақстан Респуб­ликасының Спорт және туризм министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Бұл көрмеге жалпы саны 27 сурет қойылған. Негізінде, қорымда 50 сурет бар. Суреттерде Қазақстан халқының тыныс-тіршілігі, қалалары, әсем табиғаты және еңбек адамдары қамтылған. Суреттердің тарихы да бөлек әңгіме. Осылайша, елге, жерге деген махаббатымды жеткізгім келеді. Көрмеге жастар көбірек келсе деп тілеймін. Өйткені, жастар жаһанды араламас бұрын Қазақстанның келбетін көруі тиіс деп есептеймін.

Суретке түсіру өзіме ұнайды. Әсіресе, әр өңірдің келбетін ашатын детальді суреттерге жаным құмар, – деді Жан Ақжанов.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button