Жаңалықтар

Оқушылар мен студенттер үшін автобустарда жол жүру ақысы тегін болады

Қарағандыда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін қалалық көлікте жол жүру ақысы тегін болады. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл мәселені пысықтауды тапсырды. Бұл шара әсіресе көп балалы отбасыларға үлкен қолдау болып табылады.

Екі жылдан бері қала мектептерінде оқитын балаларға тегін ыстық тамақ беріледі. Осы жылдан бастап біз барлық қарағандылық оқушылар мен 18 жасқа дейінгі студенттер үшін тегін жол жүруді енгізуді қарастырып жатырмыз. Бұл біздің балаларымызға ұтқыр болуға және қаланың кез-келген жерінде орналасқан үйірмелер мен өздері қызығушылық танытқан секцияларға қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл барлық отбасыларға үлкен қолдау болады. Сондай-ақ бүгін № 44 мектептің ұстаздарымен және оқушылардың ата-аналарымен кездестім. Өкінішке қарай 1947 жылы салынған бұл ғимарат апатты жағдайда және қалпына келтіруге келмейді. Оның орнына жаңа оқу ғимаратын салуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта оқушылар мен мұғалімдер уақытша № 64 мектепке ауыстырылды. Мектеп 600 оқушыға арналған, сондықтан орын тапшылығы болмайды, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button