Жаңалықтар

О. БОТБАЙ: ЕЛБАСЫ БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУҒА БАСА КӨҢІЛ БӨЛІП ОТЫР

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар беріп, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнеске рақымшылық жүргізуді тапсырды.

Осыған орай, қазақстандық кәсіпкер және филантроп Оралбек Ботбай Елбасы Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді.

«Біз бизнеске еліміз Тәуелсіздік алып жатқан алмағайып заманда келдік. Сол кезеңнен бері Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздегі бизнестің дамуына, оның өсіп-өркендеуіне баса назар аударып келеді. Тиісті органдарға қажетті тапсырмаларды беріп, назарынан қалдырған емес. Біз бұған Елбасымен 7 елді аралап, бизнес форумдарға қатысқанда көз жеткіздік. Бүгінгі Жолдау расында қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталып отыр. Тапжылмай көріп шықтым. Енді еліміздегі мыңдаған отбасы баспаналы болмақ. Бизнеске жеңілдіктер жасалмақ.

Сондықтан да Елбасы Жолдауына қолдау ретінде алыс-жақын елдерден 10 қазақ отбасын елге әкеліп, туған жерім Қошқар Ата ауылына орналастырып, бастарына үй, алдарына мал салмақпын.

МақсатымЕлбасы Жолдауын оқыған әрбір бизнес өкілдеріне заманауи тілмен  айтқанда меседж тастау.

Осы күні кеше ғана Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округіне Beeline байланыс операторының станциясын орнаттық. Енді ауыл тұрғындарына жылдам интернет пен сапалы байланыс қолжетімді болмақ. Жуырда инвесторлармен бірігіп, 70 пайыз энергия экономдайтын 500 жуық көше шамдарын тарттық. Осының бәрі Елбасымыздың бизнеске жасаған қамқорлығының арқасы деп білемін. Алдағы уақыттарда да ел экономикасы мен халық игілігі үшін жұмыстарды жалғастыра беремін. Оның ішінде бүгінгі Жолдауда сөз болған ішкі туризм мәселесі де бар» – деді белгілі кәсіпкер.

Естеріңізге сала кететін жайт, биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button