АймақБұқар жырау
Қоғамдық Кеңестің төрағасы да қалыс қалмады
Бұқар жырау аудандық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Мұрат Байғожин де республикалық референдумнан қалыс қалмай, Ботақара кентіндегі өзі бекітілген 417-учаскеге елден ерте келіп дауыс берген еді.

– Мен мұндай дауыс беру науқанында ең алғашқылардың бірі болып келуге тырысамын. Елдің қоғамдық-саяси өмірінен тыс қалмай, оған үн қосып, белсенділік таныту – біздің азаматтық борышымыз, – дейді ол.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



