АймақБалқашБас тақырып

Қоғамдық кеңес тасжолдың құрылысын бақылауға шықты

«Қарағанды-Балқаш» тасжолының жөндеу барысы бұқараның назарында. Жыл соңына дейін ашылуы тиіс алты жолақты магистраль құрылысы мәреге жетуге аз қалды. Құрылыс сапасы мен барысын бақылау үшін  «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Ерлан Жұмағұлов, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық полиция департаментінің  және бұқаралық ақпарат құрал өкілдері бар  арнайы топ жолға шықты.

Суреттерді түсірген автор

Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралықтағы жол жөндеу жұмыстарымен танысу  көзделуде. Алғашқы аялдама Жұмабек ауылының Қарағандыға барар жолы болды. Жол торабына арнайы белгілер мен бағдаршам орнатылады. Тамыз айының соңына дейін, Балқашқа дейінгі 363 шақырымның 250 шақырымы жөнделіп қолданысқа беріледі. Жалпы бұл жол – 4 жолақты,  жолақтың біреуінің ені – 3 метр 75 см  ал, жалпы ауқымы 25 метрді құрайды. Қазір жолдағы жөндеу жұмыстарына байланысты жолдағы көлік жылдамдығы сағатына 50-70 шақырымды құрауы тиіс.


Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров  жол-көлік оқиғаларының себептерін,  «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірлескен   алдын алу арналған жұмыстарын атап өтті.

– Ауыл маңындағы жылдамдық сағатына 50-70 шақырымды құрайды. Алайда, бұл ережені көп жүргізуші сақтамайды. Әсіресе inDrive қосымшасының жүргізушілері асығып жол ережесін көп бұзады. Олар жолды ұйқысыз, демалыссыз жүргендіктен қалғып оның соңы жол көлік апатына алып келеді. Міне осындай орны толмас қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Қарағанды облыстық филиалының мамандары шулы жолақтар орнатпақ, – деді Жасқайрат Қайыров.

Сонымен қатар, Қарағандыдан бастап, жол жөнекей мал өтетін өткелдер де қарастырылған. Ондай өткелдің саны – 50. Бұл өткелдер Балқашқа дейін жалғасады. Ал, мал өтетін жерге жылқының бейнесі қойылмақшы. Ол жай бейне емес. Бейне-белгілер жүргізуші көзіне алыстан түсетіндей арнайы жарқырайтын бұйымдардан жасалады.

Сонымен қатар, жол бойында қар ұстайтын бөгеттер де ескерілген. Су жиналатын жерлерде 150 шақырым су ағарлар орналасқан.

Мердігер компания жолдың сапасын құртатын бірден-бір себеп  күн ыстығында жолда жүретін  ауыр жүк көліктері екенін атайды. Жергілікті полиция департаменті өкілдері бұл олқылықтың да алдын алатындығын мәлімдеді.

Жан АМАНТАЙ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button