Бас тақырыпЖаңалықтар
Қоғамдық көліктерде – Наурыз нақыштары
N3 автопарк Наурыз мерекесіне орай желіге ұлттық нақышта безендірілген қоғамдық көліктерді шығарды.

Қоғамдық көліктердің бүйірлеріне қызыл қызғалдақтар, ұлттық киім киген қыздар, киіз үйлер мен құттықтаулар жапсырылған. Автопарктің мәліметінше барлығы 7 автобус безендірілген. Оның ішінде қалаішілік және қала маңына қатынайтын маршруттар бар.
– Бізге көктем әлі келе қойған жоқ, бірақ адамдар жылу мен сұлулықты қалайды. Сондықтан жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлауды жөн көрдік, – дейді автопарк қызметкерлері.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ