Қоғамды біріктіреді
Наурызнама тұжырымдамасының оң әсерін қазір барлығымыз сезінудеміз. Бұл өзгерістерді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда айтқандай, өзімізден бастауымыз керек. Отбасымыздан, өз үйіміздің тазалығынан бастау керек.
Бүгінде барлық мектептердегі оқушылар ұлтына, тіліне қарамастан, ұлттық киім киіп жүр. Қандай жарасымды! Ішкі мәдениеттен сыртқы мәдениет бастау алады. Бастысы – келісім мен татулық.
Наурыз түркі халықтарының тарихынан бастау алады. Бүгінде оның жаңаша форматта жаңғырып жатқанын көреміз. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы осы тұжырымдама аясында көптеген шараларды ұйымдастыруда. Мәселен, өткен сенбі күні 14 салалық кәсіподақ ұйымдарының мүшелері Чкаловский су қоймасына балық аулауға шықты. Оған Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы жариялаған 2024 жыл – «Лайықты еңбек жылы» аясында еңбек адамдары арасында салауатты өмір салтын және белсенді ұжымдық демалысты насихаттау мақсатында облыс кәсіподақтарының бастауыш ұйымдары мен Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары бастамашы болды. Әр учаскеде қатысушылар мен жанкүйерлерді жарыстың бас төрешісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қарағанды облысының Құрметті азаматы Валерий Громов бастаған төрешілер алқасы бақылап отырды. Осындай шаралар адамдарды жақындастыра түседі. Бұл жерде ортақ қызығушылық, ортақ мақсат пен мүдде бар. Жоғарыда айтқанымдай, келісім мен татулық бәрінен маңызды. Наурыз мерекесі осы татулықты сақтауға, бірлікті насихаттауға, адами және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге сөзсіз ықпал етеді.
Татьяна ШАТОХИНА,
ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары, «Қызмет» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы