Жаңалықтар

«Nova Цинк» кен орнында жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысындағы Ресейлік Челябинск мырыш зауытының еншілес компаниясы «Nova Цинк» ЖШС қызметкері кен астында қалып,  қаза тапты.

– 2023 жылдың 25 қаңтарында «Nova Цинк» ЖШС-де  кен өндіру жұмыстарын жүргізу барысында жазатайым оқиға орын алды.  Жұмыскер қабылдау бункеріне құлап, үстін кен ағыны басып қалды. Нәтижесінде жұмыскер тыныс алу жолдарының асфиксиясынан қайтыс болды. Осы дерек бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері арнайы тергеу қорытындылары бойынша айқындалатын болады, – деп хабарлады Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы.

Оқиға Ақжал кен орнында болды. Онда қорғасын-мырыш өндіреді.

Басқа материалдар

Back to top button