ПоэзияШет

Нілді ауылы

Келіп тұр құлағыма қырдағы үні,

Жеріңде той боп жатыр

жыр дауылы.

Киелі топырақтан айналайын,

Саф алтын Сәкен өскен

Нілді ауылы.

 

Жақсымен жаман ғана таласады,

Биіктен кім айырмас аласаны.

Жеріңде жүрген жоқ па

алшаң  басып,

Арқаның адуынды Маясары.

 

Көгінде  қалықтаған  қыраны  бар,

Әнгелдей  тәлім  алған  ұланы  бар.

Тағылы  «Тау  ішінде»  түнделетіп,

Сакеннің  шырқап  салар

бір  әні  бар.

 

Жұмырдай  жорғасы  бар

үзік  келген,

Көрінген  Тойымбегі  шаңқай

төрден.

Тарихын  тұнып  тұрған

бұл  өлкенің,

Білесің  өскен  елден,

ескен  желден.

Сөйлесе  ауыздықпен  алысардай,

Ұлдары  сай  тасындай,

атан  нардай.

Ой  озық,  ақыл  азық

болмаса  егер,

Осынша  бар қасиет  жабысармай.

 

Өз  орны  айқындалған  ұлы  көште

Өткен  тарих  өшпейді бәрі де есте.

Арқалап ағылшындар мысын алған,

Қарлығаш қалашықта осы емеспе.

 

Ерекше  жаратылған  жер  бедері,

Көп  ұлттың  басын  қосқан

Өспен  елі.

Өндіріс  ошағыңда  көзін  ашқан,

Қазақтың  Қонаевтай  шың,  берені.

 

Кенді  өлкем  Қаныш

ағам қызығардай.

Ұлының  тау  тасында  ізі  бардай,

Мерейтой  құтты  болсын

Нілді  жұрты,

Көңілі  көктемдейін,  жаны  жаздай.

Марат  Шайкин.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button