Жаңалықтар

Құндылықтар құндақталған құжат

30 тамыз – еліміздің өміріндегі тарихи күн. Осы жылдар ішінде біз мемлекеттілікті нығайту, экономиканың өсуі, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін күрделі, бірақ, лайықты жолдан өттік.
Конституция біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен Тұрақтылықты бекітті. Барлық мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың борышы – осы құндылықтарды қорғау.

Сурет: almaty.tv

Негізгі Заңда жалпы адамзаттық та, ұлттық та құндылықтар бекітілген, Қазақстан халқының бірыңғай еркі, оның зияткерлік әлеуеті және халықаралық қо­ғам­дастықтың негізгі стандарттары көрініс тапқан.

Қазақстан халқының тарихи және саналы таңдауы күшті құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекеттің пайдасына жасалды. Конституциялық нормаларға негізделген заңнама экономиканы дамыту, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғауды күшейту үшін қолайлы жағдай жасады.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның алдында мемлекеттік егемендіктің құрамдас бөлігі ретінде елдің құқықтық егемендігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Өткен жылдар ішінде жоғары халықаралық стандарттарға, қазақстандық дәстүрлер мен мемлекеттік басқару, қоғамдық құрылыстың барлық салаларын серпінді жаңарту мүдделеріне сәйкес келетін жаңа құқық құру жөнінде ауқымды жұмыс жүргізілді. Конституцияның шоғырландырушы (біріктіруші) функциясы Негізгі Заң мәтінінде өзінің расталуы мен дамуын тапты.

Конституция қоғамның үдемелі дамуы үшін жағдай жасады. Біздің елімізді мекендейтін және Қазақстанның біртұтас халқын білдіретін барлық этностардың өкілдері үшін тең құқықтарды қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда еліміздің Негізгі Заңының ережелерін басшылыққа ала отырып, еркін еңбек етіп, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндік алдық. Біз ұлтаралық және конфессия­аралық келісім мен бірлікке негізделген тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген жетістіктерді мақтан тұтамыз.

Қазақстан қоғамының басты құндылықтары тұжырымдалған Конституция­ның прогрессивті және демократиялық ережелерінің арқасында әлемнің көптеген елдері үшін үлгіге айналған, Қазақстан Республикасының бейбіт және үдемелі демократиялық дамуын қамтамасыз ететін бірегей қазақстандық ұлтаралық келісім моделі құрылды.

Республикада мемлекеттік тілдің басымдығына және Қазақстан халқының тілдерін құрметтеуге, тіл белгісі бойынша кемсітуге жол бермеуге негізделген мемлекеттің салыстырып тексерілген тіл саясаты іске асырылуда.

Тұтастай алғанда, айқын тексерілген конституциялық-құқықтық саясат пен құндылыққа бағдарланған конституция­лық-құқықтық практика бір-бірін өзара толықтырады. Негізгі Заңның өзіне тән функцияларын тиімді іске асыруға ықпал етеді. Оның ережелері мен нормаларын орындау және қолдану сапасын, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасының деңгейін арттыруға жұмыс істейді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тарих халқымыз­дың заң үстемдігіне, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге деген ұмтылысын айқын көрсетеді.

Конституцияға өзгерістер мен толық­тырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның қорытындылары халқымыздың бірлігін және елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформаларды табанды түрде қолдайтынын көрсетті.

Біз бірге заң үстемдігі, әділдік және барлығына тең мүмкіндіктер қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жаңа Қазақстан құрып жатырмыз. Әрбір жауапты азамат реформалардың белсенді қатысушысы бола алатын, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосатын уақыт келді. Конституцияда жарияланған демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму векторын нақты айқындайды.

Біздің көпұлтты елімізде Конституция – ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, сенімі мен дініне қарамастан, құқықтар теңдігінің мызғымас кепілі. Ал, Қазақстан халқы биліктің жалғыз қайнар көзі ретінде танылды.
Негізгі Заң уақыт сынынан өтіп, өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Республиканың ішкі саяси тұрақтылығы, оның экономикалық және саяси реформаларды жүргізудегі табысы Қазақстанға посткеңестік кеңістікте ғана емес, танылған көшбасшы болуға мүмкіндік бер­ді.

Қазақстан Тәуелсіздігін одан әрі ны­ғайту азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасын, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға, азаматтық қоғамды дамытуға және әлемдік аренада елдің жоғары беделін дамытуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан Республикасының консти­туциясы қоғам мен мемлекетті жан-жақ­­ты жаңғыртудың аса маңызды саяси-құқықтық негізі болып табылады. Конституция күні тек мемлекеттік мереке ғана емес, еліміздің әрбір патриотының мерекесі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс.

Василий ОЛЕЙНИК,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті
КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button