Басты тақырып

ӨНДІРІСТІ ЖАҢҒЫРТУДЫ КӨЗДЕДІ

    Жақында Балқаш қаласында «Металлургия: даму перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті. Конференцияда «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС металлургиялық зауытын кеңейту және модернизациялау үшін ғылыми және инжинирингтік шешімдердің қолданбалы мінездемелерін бағалау мәселелері қаралды.

Бұл конференция биылғы жылдың 20 шілдесінде Балқаш қаласында өткен «Металлургия: технологиялар, инновациялар, сапа» тақырыбындағы ғылыми-техникалық конференцияның логикалық жалғасы болды. Конференция «Қазақмыс» компаниялар тобына жататын, қазақстандық  ең ірі металлургиялық кәсіпорын «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараға ғылым саласының өкілдері, Ресей Федерациясының Ұлттық технологиялық зерттеу «МИСиС» университетінің ғалымдары және Қазақстан Республикасының металлургия және байыту институты, сонымен қатар, «Outotec» (Еуропа), «Норд Инжиниринг» ШЖҚ, «Норильский никель» КМК» ААҚ (Ресей), «Средазцветметэнерго» АҚ (Өзбекстан)  шетелдік компанияларынан келген металлургия саласындағы  әлемдік тәжірибе иелері қатысты.

Өткізілген іс-шаралар барысында Ванюков пешінде балқыту технологиялық режимін тұрақтандыру, газ тазалау жүйесін қайта құру, Балқаш мыс балқыту зауытындағы күкірт-қышқыл цехының модернизациясы, сонымен қатар, Жезқазған мыс балқыту зауытындағы технологиялық газдарды жою сұрақтары талқыланып, қарастырылды.

Конференцияда қарастырылған барлық сұрақтар «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің орналасқан аумақтарындағы экологиялық әл-ауқатты жақсартуға, тұрақты даму стратегияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының металлургия саласындағы ең үздік кәсіпорын ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Қалыптасқан ғылыми-тәжірибелік тандем конференция аяқталғаннан кейін «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің жағымды экологиялық, өндірістік, экономикалық  әсері болуы үшін металлургиялық өндірістегі технологиялық процестерді дамыту аумағындағы техникалық жаңа шешімдерді әзірлеу мен енгізу бойынша  өз жұмысын жалғастыратын болады деп жоспарланды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button