Жаңалықтар

Назарбаевтың құрметіне берілген көше атаулары қайта өзгере ме?

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанда Назарбаевтың құрметіне берілген көше және даңғыл атауларын қайта өзгерту мәселесі туралы көпшіліктің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтан: «Қазақстанда Назарбаевтың есімімен аталған көшелер мен нысандардың атауы өзгере ме?» деп сұраған. Депутат:
– Осы Заңмен («Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық заңы өз күшін жойғандықтан қоғамда осындай сұрақ туындады. Біз жұмыс сапарымен әр өңірлерге барғанымызда Назарбаев атымен аталатын даңғылдар мен көшелердің барын көрдік. Менің ойымша, бұл мәселені жергілікті деңгейде шешу керек. Атауын өзгерту үшін мәслихаттардың ресми шешімі қажет болады. Азаматтардың белгілі бір сұраулары бар», – деп жауап берді Елан Саиров.

Басқа материалдар

Back to top button