Жаңалықтар

Наурызнаманың жаңа дәуірі басталды

Бұдан былай қазақстандықтар Наурыз мерекесін он күн тойлайтынын біліп, шыны керек, қуандық. Ата-бабаларымыздан келе жатқан Наурызнама дәстүрі жаңаша леп алып, жаңаша тойлана бастады. Бұл ежелгі ғұрпымыздың жаңа дәуірі басталды деген сөз.

Сурет: bit.ly сайтынан

Мемлет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыс мейрамын жаңғырту туралы айтқаннан бастап, Үкімет тиісті шараларды қолға алды. Басты мерекеге дейінгі күндерді белгіледі. Он күннің әр күні жекелеген тақырыпқа арналады. Оның барлығы қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарынан бастау алады.

Бұл ретте айта кетер тағы бір маңыз­ды жайт бар. Ел Президенті биылғы үшінші Ұлттық Құрылтайды осы мереке қарсаңында өткізуге шешім қабылдауы да бұл мерекенің мән-маңызын арттыра түседі. Құрылтайдың алғашқы күні Амал мерекесімен тұспа-тұс келуі де ерекше мән береді. Ұлттық құрылтай мүшесі ретінде, қазір Атыраудамын. Алғашқы күннен бастап түрлі мәселелер талқыланып жатыр мұнда. Мәселен, мәдениет пен руханият, азаматтық қоғам, білім-ғылым және әлеуметтік салаға серпіліс әкелудің жай-жапсары қаралды. Қазір күн тәртібінен түспей тұрған мәселенің бірі – отбасындағы зорлық-зомбылық. Заңды күшейту, әйел теңдігі мәселесі айтылды. Қоғам үшін маңызды мәселелерді талқылаған басқосудың Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтуі жай кездейсоқтық емес деп ­ойлаймын.

Ләззәт ҚОЖАХМЕТОВА,
облыстық мәслихат депутаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button