Бас тақырып

Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы

Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Наурыз – көктемгі жаңару мерекесі, көктемгі жаңарудың, сүйіспеншіліктің, мейірімділік пен достықтың белгісі. Сондықтан бүгін, 19 наурыз – наурызнама онкүндігіне сәйкес «Жаңару күні».

Сурет steemit.com

Наурызда жер тоңы жібіген соң айналаны тазалап, ағаш отырғызады.  Наурыз айында ел аумағында отырғызатын жаңа көшеттер тәрізді бұл күндері қоғамдық мәдениетке Наурыздың жаңа дәстүрлері сіңіріледі. Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар бен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелейді.

Бүгін, Теміртау қаласының қысқы бағында жаңа ағаштар отырғызылады. Қарағандыда биолог ғалымдармен кездесулер ұйымдастырылып, олар жасыл желектерді дұрыс егу және оларды күту туралы үйретеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button