Жаңалықтар

Наурыз он күн тойланды

«Наурызнама» онкүндігі аясында №34 мекеме мерекелік концерттер мен спорттық шаралар өткізді.

Жазасын өтеушілер наурыз мейрамын тойлауды жасақтарды, клубты және оған іргелес аумақты безендіруден бастап, киіз үйдің макетіне қолөнер шеберлері жасаған ұлттық аспаптар мен қамшы, түлкі терісі секілді кәделі бұйымдарды ілді.

– Жазасын өтеушілер ән айтып жарысты. Ұлттық спорт түрлерінен өзара сайысқа түсті. Гір тасын көтерді. Арқан тартыс ойыны да тартысты өтті. Биыл Наурыз мейрамы ерекше өтті. Мереке алғаш рет 10 күнге созылды. Мұндай іс-шаралар арқылы жазасын өтеушілер өз уайымдарынан бір сәтке алыстап, асық ойнап, көрші ауладағы балалармен күрескен алыстағы алаңсыз балалық шаққа ойша оралды, – дейді мекеме басшысы Болат Мұхтаров.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button