Бас тақырып

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 5 наурыздан бастап «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары жылдық 7 пайызбен несие ала алады. Ал қалған қатысушылар үшін бұл мөлшерлеме 9 пайызды құрайды. Өтінімдер 31 наурызға дейін “Baspana Market” порталында қабылданады.

Сурет oimaqnews.kz

Бағдарламаға қатысу үшін жасы мен мәртебесі бойынша шектеу жоқ.

Бағдарламаға қалай қатысушы болу керек:

1. Отбасы банкінде депозит ашу (егер ол әлі жоқ болса). Депозиттің мерзімі маңызды емес.

2. Депозитті 2 млн теңгеге дейін толтырыңыз (өтінім берер алдында барлық соманы салуға болады).

3. Соңғы 5 жыл iшiнде өтініш берушінің және отбасы мүшелерiнің (ерлi-зайыптыларында және кәмелетке толмаған балаларында) жылжымайтын мүлiк болмауы керек.

4. Соңғы 6 айда ресми табыстың болуын растау.

Бағдарламаның шарттары бойынша қарыз алушының бастапқы жарнаға қаражаты болған кезде:

10%-дан – таза әрлеуде тұрғын үй сатып алу;

20%-дан бастап – бастапқы әрлеуде немесе қайталама нарықта тұрғын үй сатып ала алады.

Несие мерзімі – 19 жылға дейін. Қарыздың ең көп сомасы: Астана мен Алматыда 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін.

17 наурыздан бастап өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлері үшін «Наурыз Жұмыскер» ипотекасына қабылдау басталады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button