Ресми

Наурыз – береке бастауы

Биылғы жылдан бастап біздің мемлекетімізде наурызға ерекше мән берілуде. Бұл ұлттық болмысымызға, ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрлерімізді насихаттауға үлкен мүмкіндіктер бермек.

Сурет: derelik.club

Биылғы наурызнаманың онкүндігі аясында әр күнге тамаша атаулар берілуінің өзі біздің көнеден бүгінге дейін ұмытылмай келе жатқан дәстүрлеріміздің сабақтастығын арттыруда. Жалпы ұлттың  ең басты қасиеті – ол салт-дәстүр. Наурызнаманың онкүндігі аясындағы жасалып жатқан іс-шаралар  халықты бір-біріне жақындастыра түсуде. Он күн ішіндегі атқарылып жатқан барлық шаралар көңілге жылулық, ерекше қуаныш сыйлайды. Бұл жыл сайын міндетті түрде жалғасу керек.

Халқымыз үшін іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің  мерекесі, жақсылықтың жаршысы, жаңа күннің бастауы болған наурыз мейрамы құтты болсын! Тәуелсіздігіміз баянды, туған жеріміз тыныш, мемлекетіміздің дамуы жолындағы әр қадамымыз нық та нәтижелі болсын. Отбасыларыңызға мол қуаныш пен шадыман шаттық тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,
«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button