Жаңалықтар

Наурыз айынан бастап 1000 теңгелік банкнот жаңа дизайнда айналымға енеді

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ Басқармасының кезекті отырысы өтті. Онда ақша және валюта нарығындағы жағдай туралы баяндама қабылданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Сурет Ұлттық банктен

–  2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button