Жаңалықтар

Нарықтың жаңа үлгісі

Биылғы жылы іске қосу жоспарланған “Альфарух” көтерме-тарату орталығы халық үшін ет және жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тұрғындармен есептік кездесуінде де аталмыш көтерме-тарату орталығы құрылысының пайдасы туралы айтылған еді.

Сауда алаңының артықшылығы – орталық қызметі тауар өндірушілер үшін ғана емес, қарапайым тұрғындар үшін де тиімді.
Кешеннің құрылысы 2017 жылдың жазында бастал
ды. Ауқымды жоба “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдау тапты.
“Альфарух”
КТО жұмысы өңір экономикасының көтерілуіне серпін бермек.
Жоба –
азық-түлік қауіпсіздігі және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелерін шешуге бағытталған, әсіресе, маусымаралық кезеңде. Жеміс-көкөніс және ет өнімдерінің қажетті қорын құру – бағаны айтарлықтай төмендетудің таптырмас тәсілі.
Сәйкесінше, жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін сақтау және сату бойынша қызметтердің толық спектрін алады. 20 гектардан астам алаңда жеміс-көкөніс қоймалары, заманауи мұздатқыш камералар мен сауда орындары орналасады. Бұл – өндірушілер мен түпкі тұтынушылар арасындағы делдалдардың тізбегін қысқартуға әсерін тигізеді. Алыпсатарлар баға белгілеу мәселелерінде шешуші фактор екендігі ешкімге құпия емес.
КТО-ның тағы бір міндеті – импортқа тәуелділікті төмендету және экспортты дамыту. Ол үшін “Альфарух” аумағында кедендік ресімдеу аймағы қарастырылған.
Жаңа логистикалық бағдарды құру облыс орталығының жолдарына үлкен жүк машиналарының жүктемесін азайтады. Мысалы, мемлекеттік қолдау шеңберінде бөлінетін қаражат инфрақұрылымды жеткізуге ғана емес, тұйығы бар темір жол тармағын салуға да бағыттал
мақ.
Қатардағы сатып алушылардың сұранысы да назардан тыс қалмайды.
Өнімдерді көтерме бағамен алуға ниет білдірген қарағандылықтар мен қонақтар үшін тегін қалалық қоғамдық көліктер қарастырылған.
КТО-дан тауарды үйден шықпай-ақ сатып алуға болады. Интернет алаң құру шеңберінде барлық бизнес-процестер автоматтандырылады. Бұл – өз кезегінде мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар,
әлеуметтік маңызды жобаны іске асыру барысында бес мыңға дейін адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button