Нұра өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі қалыпқа келтіріледі
Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин атындағы кентте Нұра өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Болашақта сол жол арқылы кентті Теміртаумен байланыстырмақ. Және басқа бағыттар бойынша қосымша жол жүруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
– Қарағанды-Теміртау-Токаревка облыстық маңызы бар автожолында Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр – барлығы 12 шақырым. Жобаны келесі жылы аяқтау жоспарлануда – деп хабарлады Бұқар жырау ауданының әкімдігі.
Ғабиден Мұстафин ауылының тұрғындары Нұра арқылы жаңа автомобиль көпірін салуды көптен бері сұрап келеді. Қазір олар айналма жолмен Теміртауға жету үшін бір сағаттай уақыт жұмсайды. Ал, көпір 2015 жылғы су тасқынынан кейін апатты жағдайда қалған.