Бас тақырыпЖаңалықтар

Нұра ауданында заманауи сүт-тауар фермасы ашылды

Нұра ауданының Көбетей ауылында еуропалық стандарттарға сай жабдықталған сүт-тауар фермасы ашылды. 1100 басқа арналған нысанның инвестициялық жобасын «Рамадан МФ» ЖШС-і «Черниговское и К» ауылшаруашылық кәсіпорнымен бірлесіп жүзеге асырған. Ферма жылына 9 мың тонна сүт өндірмек.

Суреттер; облыс әкімдігі сайтынан

Өнім Қарағанды облысы мен Астана қаласының сүт өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі деп жоспарлануда.

Нұра ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа кәсіпорында болып, жобаны іске асыруға қатысқандарға алғыс айтты.

Бүгін біз заманауи сүт-тауар фермасын ашудамыз. Ол тек жаңа өндірістік буынға ғана емес, ауылдағы экономикалық белсенділіктің нағыз орталығына айналатын маңызды нысан. Мұнда шамамен 60 жұмыс орны құрылады. Бірақ ең маңыздысы – жастардың туған жерінде қалу, жұмыс істеу, даму және лайықты табыс табу мүмкіндігі. Дәл осындай жобалар ауылдың жаңа экономикасын қалыптастырады деп сенемін. Жұмыс бар жерде мектеп, балабақша, толыққанды өмір болады, – деді өңір басшысы.

«Рамадан МФ» ЖШС мал шаруашылығын дамыту жөніндегі директордың орынбасары Арман Нұржанов қазіргі уақытта әлемдегі сүтті сиырлардың бірі ретінде танымал голштин тұқымды сиырлардың бірінші партиясын сатып алғанын айтты.

Ферма сыйырларды саууға арналған заманауи еуропалық жабдықтармен жабдықталған, барлық процестер автоматтандырылған, үй-жайларда климат-бақылау орнатылған. Сондай-ақ, жемшөп өндірісі де қарастырылған.

Штат қазірдің өзінде мамандармен жасақталған. Жұмысшыларды қабылдау кезінде жергілікті тұрғындарға басымдық берілген.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button