Молшылықтың жаршысы
Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз.
Қалада да, далада да,
Жаның бәрі жарқын жүз деп бүлдіршіндер жырлайтын Алтын күз келді. Осы орайда Балқаш қаласындағы «Алпамыс» балабақшасында бірнеше шара ұйымдастырылды. «Ботажан» ересектер тобында «Сары алтындай сары күз» тақырыбында ертеңгілік болып өтті.
Балалар әртүрлі жеміс-жидек, көкөністердің кейпіне енді. Жеміс-жидектерден жасалған көрме болды. «Сары алтындай сары күз» ертеңгілігі сәтті өтті. Мерекеге сай әдемі күзгі әуен ойнап, бүлдіршіндер күз кереметтерін ұсынды. Саңырауқұлақ, бағбан, жел секілді алтын күз кейіпкерлері «Мерекелі күз келді, кел, жемісті алтын күз, кемелденсін халқымыз!» деп қарсы алды.
Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер күз мезгілінде ауа райында орын алатын өзгерістер, жылы жаққа ұшып кететін құстар жайлы айтты. Молшылық, береке әкелетін күз мезгіліндегі ақ бидай жайлы қойылым қойды. Күз ханшайымы қыркүйек, қазан, қараша атты кейіпкерлерін таныстырды. Бүлдіршендер күз ханшайымымен бірге алтын күзге ән арнады.
А.АҚҚАНОВА,
«Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі.
БАЛҚАШ қаласы.