Covid-19Ұлытау

Мобильді топтар талабы – тегеурінді

Ұлытау ауданында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын бақылау мақсатында құрылған мобильді топтар қызметінің талабы бұрынғыдан да қатаң сипатты иелене бастады. Олар рейд жұмыстарын тұрақты әрі тегеурінді түрде жүргізіп келеді. 

Топ мүшелері аудан әкімдігі, «Ұлытау» қорық-мұражайы, аудандық білім бөлімі, аудандық мәдениет үйі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы және тағы да басқа бірқатар мекеме ғимараттарына мақсатты негізде барып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тағы бір мәрте жүргізді. Әңгіме барысында әркімнің өзін-өзі сақтандыру шараларын мұқият орындау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, бетперде тағу, антисептиктің болуы, жадынамалардың көрнекі орындарда орналастырылу жайы тексерілді.    

Мобильді топтар мекеме-кәсіпорындардан тысқары, дүкендер, асханалар, басқа да адамдар жиі баратын қоғамдық орындарда рейд жұмыстарын күнделікті жүргізеді.  

Өз тілшімізден.

ҰЛЫТАУ ауданы. 

Басқа материалдар

Back to top button