Жаңалықтар

Меруеш Башай: Референдум – халықтың өз болашағын өзі айқындайтын тарихи сәт

Қарағандыдағы жалпы білім беретін №10 мектепте №65 учаскелік референдум комиссиясы орналасқан. Таң атысымен қала тұрғындары осында ағылып, өз таңдауларын жасауда. Бұл жерге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қарағанды облыстық филиалының басшысы, Қазақстанның Мəдениет қайраткері, облыстық мәслихаттың депутаты, əнші Меруеш Башай да келіп, өз таңдауын жасады.

Сурет автордан

Меруеш Башай өз сөзінде «Бұл жай ғана бюллетеньге белгі қою емес, бұл – ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтың саналы таңдауы» дейді.

– Референдум – халықтың өз болашағын өзі айқындайтын ерекше сәт. Осындай маңызды күні әр азаматтың дауысы мемлекетіміздің ертеңіне қосылған үлес екені анық. Әрбір дауыс – жауапкершілік. Себебі, бүгін қабылданған шешімдер ертеңгі ұрпақтың өміріне әсер етеді. Біз бүгін қандай таңдау жасасақ, ертең сол таңдаудың нәтижесін біздің балаларымыз бен немерелеріміз көреді. Сондықтан мұндай тарихи сәттерде бейжай қалу болашаққа немқұрайлы қараумен тең.
Мен референдумға қатысуды өз азаматтық борышым деп білемін. Өйткені, мемлекет тек заңдар мен институттардан ғана тұрмайды, ол ең алдымен өз тағдырына жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың ортақ үйі. Әр азаматтың белсенділігі мен ұстанымы елдің даму бағытын айқындайды, – деді ол.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button