Ресми

Мерекедегі жан-жақты көмек

Наурыз мерекесі қарсаңында облыстың бірқатар аудандарында мұқтаж жандарға бірреттік материалдық көмек қарас­тырылған болатын. Бұл жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды. Сонымен бірге, концерттік шаралар ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылды. Азықтүлік те таратылды. Аталған шараларға 510 508,0 мың теңге қарастырылған.

Сурет: fotodekormebel.ru сайтынан

Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының дерегінше, аталған шаралар аясында 17 285 адам қамтылған. Мұқтаж 11 138 адам 494 796,0 мың теңге көлемінде көмек алады.

«Наурыз – бірлік, жаңару, татулық мейрамы!», «Қыдыр атадан кәде сыйлық!», «Наурыз – жаңару мейрамы» секілді мерекелік шаралар мен әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға арналған мерекелік дастарқан үшін 6 399,0 мың теңге бөлінген. Сонымен бірге, 1 105 адамға азықтүлік себеті табысталады. Оған 6 132,0 мың теңге бөлінген.

Әлеуметтік осал топ өкілдері үшін ақшалай емес көмек көрсетілгенін де атап өту керек. Мүгедек, зейнеткер, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жататын 785 адамға отын-су, көмір, картоп және басқа да заттай көмек көрсетілді. Оған 2 316,0 мың теңге қарастырылған. Наурыз мерекесін тойлау аясында басқа да шаралар ұйымдастырылды.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button