Мереке күндері тамақтан уланып қалмас үшін…
Алда мерекелер келе жатыр. Саябақтарда, мәдениет үйлерінің жанында мерекелік сауда және көше саудасы жүзеге асырылатын жаппай мерекелер күтіп тұр. Сондықтан жіті ішек инфекциялары мен тамақтан улану қаупі туралы ұмытпаңыздар.
Жіті ішек инфекцияларымен, жаппай тамақтан уланумен сырқаттанушылықтың негізгі себептері жарамдылық мерзімі өткен, дайындау орны белгісіз тамақ өнімдерін сатып алу және оларды дұрыс сақтамау, тамақты дайындау технологиясының бұзылуы, оны көп мөлшерде дайындау (көп мөлшерде әзірлеу), әсіресе тез бұзылатын өнімдер, майонез қосылған көп компонентті салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер (үй торттары, пирожныйлар), тамақ дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтамау болып табылады.
Мерекелер тек жағымды әсер қалдыруы үшін, тұрғындарға келесі ережелерді сақтау қажеттілігі туралы еске саламыз:
-үйде дайындалған азық-түлік өнімдерін, рұқсат етілмеген сауда орындарында, кілегей-кондитерлік өнімдерді өндірумен айналысатын “үй” кондитерлерінен сатып алмаңыз;
– сатып алу кезінде және тұтынар алдында өнімнің жасалған күнін, сақтау шарттарын және сату мерзімін тексеріңіз;
– бүліну белгілері бар, қаптаманың тұтастығы бұзылған және таңбалау жапсырмалары жоқ, бомбажды, деформацияланған тамақ өнімдерін сатып алмаңыз;
– жемістер мен көкөністер, көкшөптерді қолданар алдында сірке суымен қышқылдандырылған суға салып (1 литр суға 3-4 ас қасық), содан кейін ағынды сумен шайыңыз;
– тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа, балықты мұқият қуырыңыз немесе қайнатыңыз;
– көшедегі демалыс орындарында болған кезде, қарапайым гигиена ережелері ескерілмеген сауда орындарында азық-түлік сатып алудан аулақ болыңыз;
– жеке гигиена туралы ұмытпаңыз, көшеде тамақ ішер алдында қолыңызды гигиеналық майлықтармен сүртіңіз.
Есіңізде болсын, тамақтан уланудың ең жақсы алдын–алу жолы – бұл ең алдымен ол туралы хабардар болу және сақтық шараларын қолдану.
Юрий ЗАЛЫГИН,
облыстың санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы,
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері