АймақБас тақырыпҚарағанды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық және қалалық кезеңдері өтеді

Қарағанды облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық және қалалық кезеңдері жарияланып, оның аясында ең үлгілі отбасы таңдалады.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Аталған кезеңге құжаттарды қабылдау 15 мамырдан басталып, 15 маусымға дейін жалғаспақ. Өңірлік комиссиялардың отырыстары 15-30 маусым аралығында өтеді деп жоспарлануда.

Бұл кезеңде 1-15 шілде аралығында облыстық кезеңде іріктеуден өтетін 2 отбасы таңдалады.
Облыстық кезеңнен кейін комиссия «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты болатын бір отбасын таңдайды.

Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, зияткерлік, шығармашылық, ғылыми жетістіктері ескеріліп, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын отбасылар жіберіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін қала және аудан әкімдіктерінің жанындағы қалалық және аудандық комиссияларға жүгіне аласыздар.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button