Менингококк инфекциясы және оның алдын алу шаралары
Менингококк инфекциясы – асимптоматикалық тасымалдаудан, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ шырышты қабығының қабынуы) менингитке (ми қабығының қабынуы) және менингококкты сепсиске (қанмен улану) дейін әртүрлі клиникалық көріністермен жүретін бактериялар тудыратын жіті жұқпалы ауру.
Менингит белгілері:
– Менингит кенеттен басталуымен сипатталады: кенеттен бастың қатты ауруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-40°C жетеді, қалтырайды. Тері бозғылт тартады.
– Жалпы әлсіздік, бел мен аяқ-қол ауырады.
– Бұнымен ауырған науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Ауру тұмау, тамақ ауруы, мұрыннан су ағу, тонзиллит және т. б. сияқты салыстырмалы түрде “зиянсыз” ауруларға ұқсайды, сондықтан өте жасырын түрде жүруі мүмкін екенін айта кету керек. Суық тию, ауыру, шамадан тыс жұмыс істеу сияқты ағзаның қорғаныс күштері әлсіреген, ауруға қолайлы жағдайлар туындаған кезде менингококк ми қабығына тез енеді де, қабынуды тудырады.
Бұл ауру әдеттегі жай суық тию сияқты біраз уақыт жасырынып өтетін болғандықтан, дәрігерге уақтылы қаралу қажет. Менингитке күдік туындаған кезде науқасты инфекциялық аурухана жағдайына шұғыл жатқызу жүргізіледі.
Менингиттің алдын алу үшін:
– Адамдар көп жиналатын орындарға, сауда-ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілетін үй-жайларда өткізілетін мәдени-бұқаралық іс-шараларға баруды шектеу;
– Балаңызбен қоғамдық көлікте жүре беруді шектеңіз, балаңызбен бірге ойын-сауық іс-шараларына, дүкендерге және басқа да адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз, таза ауада көбірек жүріңіз.
– Тоңып қалмаңыз, ауа райына байланысты киініңіз;
– Қолыңызды жуыңыз. Инфекцияны жұқтырмау үшін қолды мұқият жуу өте маңызды. Балаларыңызды қолды жиі жууға үйретіңіз, әсіресе тамақтанар алдында, қоғамдық жерде болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларға қол тигізгеннен кейін қолды мұқият жуу керек;
– Ауырып қалмас үшін және басқаларға жұқтырмас үшін фарингит, тонзиллит, ларингит сияқты мұрын – жұтқыншақтың созылмалы ауруларынан арылу керек.
– Ересектерде суық тию белгілері білінген жағдайларда дәкеден жасалған бетперделер (бір рет қолданылатын) қолдану керек.
– Патоген сыртқы ортада тұрақсыз болғандықтан, желдету, жуу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дымқыл тазалау, ауаны бактерицидтік шамдармен, әсіресе балалар мекемелерінде дезинфекциялау режимдері өзекті болып табылады.
– Денсаулығыңызды бақылаңыз. Қалыпты демалу, үнемі жаттығулар жасау және дұрыс тамақтану арқылы иммундық жүйеңізді қолдап отырыңыз.
Санжар ИРИСТАЕВ,
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.