Саран

Менің Елбасым

   Біздің Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол біздің Тұңғыш президентіміз. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл болады. Баршаңызды Президент күнімен құттықтаймын! Елбасымыз Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген жұмыстар атқарып келеді. Президентіміз өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты, әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр басқан қадамына, атқарған ісіне шын мәнісінде, өте байыппен қарап, үнемі дұрыс шешім қабылдауға дағдыланған. Соның арқасында еліміз де, Астанамыз да көркейіп, даму, гүлдену үстінде. Мен сондай еліммен, Елбасыммен, Астанадай әсем қаламмен мақтанамын. Біздің еліміз Президентіміздің арқасында танымал болып келеді. Әрдайым осындай ел болып қалсақ екен деп армандаймын.

Нұркелді ҚАНАПИЯ.

САРАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button