Жаңалықтар

Мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесі

     Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді. Онда «Бізге ең озық әлемдік тәжірибе негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру қажет» деп айтылған.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 93 қадамын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы қабылданды.

Осы Заңды жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №19 нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №602 бұйрығымен бірлесіп бекітілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау орындарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібі айқындалған.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен ықтимал мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында оларды сетрификаттау жүргізілді.

Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия жүргізеді. Ұлттық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша), ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның екі өкілінен және Есеп комитетінің бес өкілінен тұрады.

Есеп комитеті Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады. Ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде жеті адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.

Осыған байланысты, Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері қайта даярлау оқуынан өтіп, сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссиядан Мемлекеттік аудитор сертификатын алды.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап біздің республика мемлекеттік аудитке көшті.

Департамент қызметкерлерімен бірге, Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі аудит қызметі (ІАҚ) қызметкерлерінің қайта даярлаудан өткенін атап өту керек.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамаларының сақталуы мәселесі бойынша Мемлекеттік аудиторлармен сәйкестік аудиті жүргізілді.

Сәйкестік аудитімен 28 квазимемлекеттік сектор субъектісі қамтылды және онда барлық нысандар бойынша бұзушылықтар анықталған болатын, оның ішінде 19 нысан бойынша анықталған бұзушылықтар қаржылық есептіліктің шынайылығына әсер етті. Аудит қортындылары бойынша 19 лауазымды тұлға және 1 заңды тұлға («Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды қалалық ветеринариялық станциясы» КМК) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4151,2 мың теңгені құрады, одан 2583,0 мың теңге (62,2%) өндірілді.

А.КАУКЕТАЕВ,

Қарағанды облысы бойынша

ішкі мемлекеттік аудит

департаментінің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button