Жаңалықтар

Мемлекеттің тілдің абыройын асқақтатқан кездесу

«Қасым үйінде» Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы және Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы – қос мекеменің бірлесе ұйымдастыруымен ерекше кездесу өтті.

Іс-шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыру, насихат жұмысын жүргізу, сондай-ақ қазақ тілін жетік меңгерген өзге этнос өкілдерінің тіл үйрену және тіл үйрету тәжірибесін ортаға салу мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Кездесуге білім беру мекемелеріндегі қазақ тілі және әдебиеті пәнінен беретін өзге этнос өкілдері, балабақша тәрбиешілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімше бастығының аға көмекшісі (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі) майор Утеулиев Бахтияр Рахимжанович, мемлекеттік тілді жетік меңгерген әскери қызметшілер бөлініс бастығы (кітапхана бастығы) кіші сержант Горизанов Владислав Владимирович, 2 атқыштар батальонының маман жауапты (орындаушы) ефрейтор Ращепко Егор Анатольевич, өкілдері арнайы шақырылды. Қонақтардың ұлттық ерекшелігіне келетін болсақ, біреуі неміс, төртеуі орыс ұлтының өкілі.

Шара барысында мемлекеттік тілді жетік меңгерген әр саладағы этнос өкілдері өздерінің тіл үйрену тәжірибесін ортаға салды. Тіл үйренудегі қиыншылықтар мен тілге қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Бөлімнің тіл маманы Бахтияр Рахимжанович сұхбат барысында: Бүгінгі таңда, елімізде мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданылу аясын кеңейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметкер өз үлесін қосуы міндетті – деп айтып өтті. Орталық мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Алдағы уақытта кездесуге келген қонақтар тіл жанашыры ретінде басқа да шараларға тартылатын болады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button