Бас тақырып

Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Президент Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Ortalyq.kz akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет akorda.kz

Атап айтқанда, 22 жұмысшы «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды. Сонымен қатар, жеті маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

Қазақстандағы Металлургтер күні 2003 жылы белгіленді. Мереке шілде айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button