Ресми

Мейрам күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Наурыз айындағы мереке күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-лары мереке күндері қалай жұмыс істейтінін «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: qazir.kz

8 наурызды мерекелеуге байланысты Қазақстанның ХҚКО-лары мен мамандандырылған ХҚКО-лары бұл күні жұмыс істемейді.

 – Наурыз мерекесінде, яғни 21-25 наурыз аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды. Дегенмен, кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады, – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button