Мейрам қарсаңындағы игі бас қосу
Қазақстан жасөспірімдер лигасының өкілдері футболдан Ұлттық құрама қақпашысы Игорь Шацкий және «Шахтер» U-18 командасының футболшысы Глеб Макридовпен бірге Қарағанды қаласындағы «Әсем» балалар үйінде кездесу өткізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Игорь Шацкий өзінің футболға келуі туралы әңгімеледі. Балалар қуана тыңдап, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, қонақтарға дайындалған нөмірлерін ұсынды. Ән шырқап, баян, домбыра, гитарада ойнады. Қонақтар балаларға жаңа үлкен теледидар мен Xbox приставкасын сыйға тартты.
– Балалар өте талантты екен. Бір-бірімізге қуанышты және жағымды эмоциялар сыйладық. Жастар – еліміздің ертеңі. Сондықтан, бей-жай қарауға болмайды, – деді Игорь Шацкий.
Бұдан бөлек, қонақтар және аниматорлармен түрлі ойын ойнады. Қонақтар балаларға футбол формасын, тәтті жиынтық және «qj League» стикер пакетін сыйлады. Естелік суретке түсіп, бабалар алғысын жаудырды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz