Медициналық ұйымдарға карантин енгізілді
Еліміздегі барлық медициналық ұйымдарға карантин енгізілді. Бұл шара азаматтардың денсаулығын сақтау және қауіпсіздікті арттыру мақсатында қабылданған. Мұны Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайнда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтілді. Ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйлерінде, интернеттарда карантин күшіне енеді. Осы карантин бойынша бұл мекемелерге тек қана сонда жұмыс істейтін азаматтар кіргізіледі, яғни бөтен адамдар аталған орындарға кіргізілмейді. Сонымен қатар сарнитарлық-дезинфекциялық режім күшейтіледі», – деді министр.
Сонымен қатар, медициналық мекемелерде фото және бейне түсірілім жасауға тиым салынды.
Айта кетейік, бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев “Сарыарқа” телеарнасында өткен брифингте “Егер тұрғындар өздерінен ЖРВИ белгілерін байқаса, емханаға бармай, дәрігерді үйге шақыру керек” деген болатын.