Медицина

Медицина саласының үздіктері анықталды

Елордада медицина қызметкерлері үшін берілетін «ALTYN SHIPAGER» Ұлттық медициналық сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Мұнда Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова арнайы келіп, медицина қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді. Айтулы шарада жерлестеріміз тұғырдан көрінді.

Суреттер: денсаулық сақтау министрлігінен

Қарағандыдағы №2 көпбейінді ауруханасының ангиохирург дәрігері Қалқаман Сұлтанов «Стационардың үздік дәрігері» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ «Ғылыми-зерттеу зертханасының» аға ғылыми қызметкері Ирина Қадырова «Денсаулық сақтаудағы үздік жас зерттеуші» аталысында үздік деп танылды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button