Жаңалықтар

Қарағандылық шенеунік мазар салу үшін пара алған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары Димаш Сүлейменов қызмет бабын пайдаланып пара алған. Ол 1,5 млн теңге көлеміндегі қаржыны анасының мазарын салып, қонақасын беруге пайдаланбақ болған, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

2017 жылдың 26-шілдесінде Абай ауданы әкімнінің сол кездегі орынбасары Димаш Сүлейменовтің көлігінен Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері 1,5 миллион теңге көлемінде ақша тапқан болатын. Шенеунік ақшаның пара екендігін мойындаған. Ол екі апта бұрын қайтыс болған анасының бейітін көтеріп, асын беру үшін пара алғанын айтқан. Параны Д.Сүлейменовке «Аймақтарды дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ғимараттар салумен айналысқан фирманың өкілі берген. Абай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары параны атқарылған жұмыстар актісіне қол қою үшін алған.

Қарағанды соты оны 6 жылға бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарды. Сотталушы апелляциялық сотқа жүгініп, істі қайта қарауға өтініш түсірген. Алқа соты істі қайта қарап Д.Сүлейменовке шығарылған үкімді өзгертіп, жазаны жеңілдетті.

«Сотталушының оң мінездемесі, кінәсін мойындап, өкінуі, бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығы соттың бірінші инстанциясында есепке алынбаған. Алқа соты соттың шешімі өзгетілуге тиіс деп есептейді. Сотталушыға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жайлы шешім шығарылды», – деді Қарағанды облыстық сотының судьясы Рашид Нұрмағамбетов.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button