Ресми

Мас жүргізушіні қолға түсірген полицейлер марапатталды

Ішімдік ішіп, полицейлерден жасырынбақ болған жүргізушіні ұстаған теміртаулық тәртіп сақшыларын облыстық полиция департаменті марапаттады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бұл оқиға 11 ақпанда орын алған. Теміртау қалалық полиция басқармасы, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Нұрлан Абдиров пен Ерхан Абуов қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі қызметке түскен.

– Күнделікті қызмет атқару барысында біздің қызметкерлер өз өмірлерін қауіпке тігетін жағдайлар кездесіп тұрады. Бұның жарқын дәлелі, жақында Теміртау қаласында болған мас жүргізушінің тәртіп сақшыларынан қашып, оны полиция қызметкерінің өз өміріне қатер төндіре отырып ұстау дерегі. Менің бұйрығыммен олар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағатпен марапатталды. Алдағы қызметтеріңе жеміс пен қызметте өсу тілеймін, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button