Мас күйінде көлік жүргізген әкім қызметінен босатылуы мүмкін
Мас күйінде көлік жүргізген әкім қызметінен босатылуы мүмкін
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылының әкімі Қ.Н.Құсайыновты қызметінен босатуды ұсынды.
– Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдың әкімі Құсайыновқа қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісін қарады. Нәтижесінде ауыл әкімін қызметінен босату ұсынылды, – деді әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Қарағанды облысы бойынша «Әділдік жолы» РҚБ басшысы Рустам Тәнішпеков.
Оған мас күйінде рөлге отыруы себеп болған. Ол бұған дейін де әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Атап айтар болсақ, 2018 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қ.Н. Құсайынов қызметтік көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ