Жаңалықтар

Мамандықты дұрыс таңдау – табыс кілті

Облыс колледждері бұған дейін кадр даярлау бойынша әлеуметтік серіктестермен үш мыңға тарта келісім-шартқа отырған болатын. Бұл жыл сайын 12 мың студентке кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік берді. Ал, соңғы үш жыл ішінде жұмысқа орналасқан колледж түлек- терінің саны 74-тен 79%-ға, дуальды оқыту бойынша 82-ден 86%-ға артқан.

Өңірде Қарағанды және Теміртау жоғары политехникалық колледждері, сондай-ақ, Құзырет орталықтары жұмыс жасайды. Биыл осындай алты орталық ашылмақ.

Облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев әртүрлі мамандықтар бойынша 7,5 мың оқушыға білім беруге шамамен 11 млрд. теңге бөлінетіні туралы да айтқан болатын. Сондай-ақ, газ шаруашылығы мамандығына оқытатын жекелеген топтар да ашылған.

Қазірдің өзінде көлік, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету, энергетика, тағам саласы тәрізді жеті салалық бағыт бойынша «Жас маман» республи- калық жобасына қатысатын 15 колледж анықталған. Кәсіпкерлер палатасымен бірге жүзеге асырылатын жоба мақсаты – болашақта сұранысқа ие 100 мамандық бойынша білікті мамандар даярлау. Жоба аясында жеңіске жеткен колледжердің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін республикадан ша- мамен 200-300 млн. теңге бөлінеді. Әзірге жоғары политехникалық және құрылыс колледждеріндегі жобалар биылғы жылдың 1 қыркүйегінде қаржыландырылады деп күтілуде.

Заманауи модульдермен, стан­ циялармен және жекелеген жабдықтармен қамтылған мұндай кол- ледждер оқу орнының студенттері ғана емес, облыстың басқа колледждерінің де студенттерін дайындайтын алаңға айналады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button