«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы»Жаңалықтар

«Ұмай» әйелдер ипотекасына биыл 15,6 млрд. теңге бөлінді

Елімізде «Ұмай» әйелдер ипотекасы 2021 жылы бастау алған болатын. Ипотека нәтижесі бойынша 2 жыл ішінде (2021-2022 жж.) 2 073 әйел өз баспанасына қол жеткізді. Ал, биыл үшінші траншқа 15,6 млрд теңге бөлініп отыр.

«Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінішті қабылдауды «Отбасы банк» АҚ 19 шілдеде қайта бастайды. Өтінішті банктің кез келген бөлімшесінде беруге болады.

Айта кетейік, тұрғын үйді Астана, Алматы, Ақтау және Атырауды қоспағанда, Қазақстанның кез келген қаласында сатып алуға болады. Аталған қалаларда қарыз беру бойынша лимит таусылды.

«Ұмай» бағдарламасының шарттары:
– Мөлшерлеме 14.4% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 15.4%-дан), одан кейін 3.5% – 5%-ға дейін төмендейді (ЖТСМ – 3.6% -дан)
– Бастапқы жарна 15-тен 20%-ға дейін.
– Несие сомасы 30 млн теңгеге дейін, мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін.
Үйіңіз жөндеу жұмыстарын талап етсе, банктен 3,7 млн теңге мөлшерінде қарыз алуға болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button