Спорт

Махмұд Сабырхан жаңа салмаққа ауысты

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына баруы үшін жаңа салмаққа ауысты.

Бұған дейін ұлттық құрама өкілі 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін. Бірақ, бұл салмақ Олимпиада бағарламасында жоқ. Спортшы Олимпиадаға баруы үшін бағдарламаға енген 57 келіге салмағын көтеретін болды.

Естеріңіге сала кетейік, 57 келіге дейінгі салмақта 2021 және 2022 жылдан бері Әлем чемпионатының жеңімпазы отандасымыз Серік Теміржанов өнер көрсетіп жүр. Ал, Махмұд  Сабырхан биыл мамырда өткен Әлем чемпионатында 54 келіде жұдырықтасып, чемпион атанған болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button