Жаңалықтар

Мақсат – жастар мүмкіндігіне жол ашу

Жастар саясаты саласындағы жұмыстың негізгі мақсаты облыс жастарын қолдау және дамыту, жастардың өзін-өзі тануы мен азаматтығын арттыруды көздейді. Сондай-ақ, олардың рухани, мәдени, білім беру, кәсіби қалыптасуы мен физикалық дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау да – күн тәртібінде. Олардың бойында шығармашылық әлеуетті ашу арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді тарту – міндет. Бүгінгі таңда облыс халқының төрттен бір бөлігін жастар құрайды. Басқарма міндеті – сол жастардың патриоттық сезімін оята отырып, олардың барлық мүмкіндіктеріне жол ашу.

Сурет басқармадан

Белсенді жұмысты барлық қалалар мен аудандарда жұмыс істейтін облыстық және өңірлік жастар ресурстық орталықтары, жастар үкіметтік емес ұйымдары жүргізеді. Барлық деңгейдегі әкімдердің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі Кеңестер жұмыс істейді. 8 жоғары оқу орны мен 54 колледж бар.
2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық бағытта жұмыс ұйымдастырылды.

Жастар саясаты саласындағы маңызды мәселелердің бірі – жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету. 2022 жылдан бастап облыста жас мамандарға, оның ішінде жетім балаларға арналған өңірлік жеңілдікті ипотекалық бағдарлама іске асырылуда. 2024 жылы 120 жеңілдетілген несие берілді. Болашақта бұл тәжірибе жеңілдікті несие санының ұлғаюымен дамитын болады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес 470 пәтер бөлу жоспарланған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 147 пәтер немесе 169% берілді (Қарағанды – 14, Балқаш – 12, Приозерск – 8, Саран – 1, Теміртау – 35, Шахтинск – 15, Абай – 7, Ақтоғай – 12, Бұқар жырау – 1, Қарқаралы – 10, Нұра – 17, Осакаров – 11, Шет – 4).

«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» жанынан жастардың бастамаларын қолдау, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, іс-шараларды ұйымдастыру, психологиялық, заң көмегін көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Орталықта жастарға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау көрсету бөлімі жұмыс істейді.
Жастардың әлеуетін дамыту үшін Zhas project грантын алуға конкурс өткізілді. Облыстан барлығы 196 өтінім келіп түсті, оның 70-і техникалық іріктеуден өтіп, 14 грант берілді.

2024 жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтары арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамту ұлғайды. Жасақ құрамы 4900 адамды құрады, бұл – өткен жылмен салыстырғанда екі мыңға жуық артық. Жауынгерлер қатарына қабылдау кезінде қатысушының әлеуметтік мәртебесі ескерілді. Осылайша, қатысушылардың кем дегенде 10% – ы мемлекет тарапынан ерекше қолдауды қажет ететін жасөспірімдер.

2021 жылдан бастап «Jas fund» жастардың зияткерлік және шығармашылық бастамаларын қаржылай қолдау қоры жұмыс істейді. Бір өтініш берушіге қаржылық қолдау мөлшері 100 АЕК құрайды. Қорды қаржыландырудың жалпы сомасы 2024 жылы 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. 2024 жылы 29 өтінім қолдау алды.

Биыл облыс әкімінің «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс өткізілді. Грант облыстың жас азаматтарына жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық қызметі үшін беріледі. Бес бағыт бойынша 25 грант табыс етілді.

Бүгінгі таңда өңірде 73 еріктілер ұйымдары мен топтары жұмыс істейді, олар 4,5 мың адамды, негізінен жастарды қамтиды. Жалпы үйлестіру жүзеге асырылатын және волонтерлік ұйымдарға ресурстық көмек көрсетілетін волонтерлердің өңірлік фронт-офисі жұмыс істейді. Волонтерлік қозғалысты дамыту шеңберінде облыстың волонтерлік ұйымдары арасында гранттар конкурсы өткізілген болатын, соның аясында 10 жеңімпазға 500 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді (жалпы қоры 5,0 млн тг). Сондай-ақ, Қарағанды облысының «VolteQ» волонтері Әзімбай Айша еліміздің «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» – «Жыл волонтері» номинациясы бойынша еріктілер арасындағы республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.

Қазақстандық патриотизмді нығайту шеңберінде «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы дамуда. Жыл сайын әскери-патриоттық клубтар «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысады, әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу, жас офицерлер балы, «Ардағым – ардагерім» жастар акциясы өткізіледі.

Жастар өзін-өзі басқарудың ерекше нысаны ретінде облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінде жастар істері жөніндегі комитеттері мен студенттік өзін-өзі басқару органдары жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда облыстың 8 ЖОО-да 14 студенттік өзін-өзі басқару органдары жұмыс істейді. Олардың қатысушылары 4 536 студент болып табылады.

Студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері жоғары оқу орындарының алқалы басқару органдарының құрамына кіреді. Студенттердің өз Парламенті бар, ол жоғары оқу орындарының басшылығымен өзара іс-қимыл шеңберінде студенттердің мүдделерін қорғайды.

Біз жыл сайын облыстың жастар активінің лагерін, жастармен жұмыс істейтін мамандарды және ҮЕҰ басшыларын оқытуды ұйымдастырамыз.

Өңірдегі NEET-жастар үлесінің төмендеуіндегі оң үрдіске қарамастан, статистика органдарының мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша NEET-жастардың үлесі 7,9%-ды (22 736 адам) құрайды, бұл 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы 10,2% бойынша салыстырғанда 2,3 % пайызға төмен. Жұмыспен қамту шеңберінде жағдайды тұрақтандыру мақсатында жастар арасынан 23033 адам өтініш білдірді, оның 13931 адам жұмысқа орналастырылды, ал 966 адам жастар практикасына жіберілді.

Жастардың бизнес-идеяларын іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына 67 грант берілді (400 АЕК дейін-1,48 млн теңге).

Әлеуметтік қызметтер көрсету және жастар үшін әлеуметтік инфрақұрылым құру шеңберінде облыстық Комьюнити-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды, онда 7 аймақ бар: дыбыс жазу, дизайн, подкасттар (бейнероликтер) студиялары, «Tik tok» қосымшасында түсірілім үшін аймақтар, дрондарды ұшыруды оқыту, кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс аймағы, түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге арналған коворкинг аймағы. Әр аймақтың кураторлары контент пен өнімдерді (дизайнерлік киімдер, әндер, мұқабалар, подкасттар, бейнероликтер және т.б.) жасаудан басқа, оқу материалдарын жасайды. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды алғанға дейін жүргізе отырып, тренингтер өткізеді. Барлық қажетті материалдарды, арнайы жабдықтарды пайдалану тегін негізде ұсынылады.

Жалпы, 2025 жылға жоспарланған жобаларымыз бір күн емес, бүкіл уақыт кезеңі аясында жүзеге асырылуда және жастардың әртүрлі санаттарына бағытталған. Тек осы жағдайда ғана біз ұзақ мерзімді әлеуметтік маңызды нәтижеге қол жеткізе аламыз. Қарағанды облысының «жастарға арналған өңір» ретіндегі ұстанымын күшейту үшін маңызды іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылады. Біз мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың, жастар проблемаларын шешу тетіктерін жетілдірудің тиімді нысандарын үнемі іздестіруді жалғастырамыз.

Атап айтқанда, жастар саясаты саласында бірыңғай саясат жүргізу кезінде жастар қоғамдық бірлестіктерінің, жастар мәселелерімен айналысатын жастар емес қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бизнес-ұйымдардың және жастардың әртүрлі әлеуметтік топтары мен қауымдастықтарының сектораралық өзара іс-қимылы ретінде жастар саясатын дамытамыз.

Нұржан ІЛИЯШ,
Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері
жөніндегі басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button