Жаңалықтар

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қанша қаражат жұмсалады

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарастыру барысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Сайлауларды өткізуге бөлінген қаражат туралы бұған дейінгі ақпаратқа қосымша мынаны хабарлаймыз. Республика Конституциясына енізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйгектегі Жолдауында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын өткізуді тапсырды, – деп атап өтеді министрліктен.

Ведомствоның мәліметінше, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарастыру барысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 2023 жылға бөлініп отыр.

– Аталған шығыс сайлаудың аралас жаңа жүйесін енгізуді ескере отырып есептелінген: партиялық тізім бойынша саяси партиядан, бір мандатты аумақтық сайлау округінен, – деп түсіндіреді Қаржы министрлігінен.

Басқа материалдар

Back to top button